10
сәуір
2024
Республикалық челлендж «Менің атым Қожа»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Тоғыз айда 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында №205 жалпы білім беретін мектеп оқушылары «Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджіге қатысып Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабын оқыды.
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға шақыру арқылы оқу белсенділігін арттыру.
2024 жылдың 9 сәуір күні Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында “Менің сүйікті кітабым” атты Республикалық челлендж аясында Алатау ауданының мектеп кітапханашылары оқушылар арасында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы бойынша қойылым көрсеттті. 5 «А» сынып оқушылары Іргебай Аяулым, Колова Аделя, Серікбаев Әли, Билимхан Әсет аталған қойылымда белсенді өнер көрсеткендері үшін және оқушыларға жетекшілік еткен Романқызы Арайлым Алғыс хатпен марапатталды.
