«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы 1-қыркүйек – Білім күні
«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы
1-қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиынның өткізілуі туралы анықтама 2024-2025 оқу жылы
Бүгін Алматы қаласы. Алатау ауданы № 205 жалпы білім беретін мектеп ауласында сағат 09.00-де 1 және 11 сыныптар үшін 1 – қыркүйек білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Мектеп келешекті тәрбиелейтін киелі шаңырақ болса, осы шаңырақ басшысы Даулетова Гүлнара Арыстановна алғашқы сөз кезегін алып, оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды, салтанатты жиынға қатысушы қонақтарды «Білім мерекесімен» құттықтады. Салтанатты саптық түзілісте мектептің ерекше жетістіктері аталып өтілді. Мектеп өміріне белсене араласқан ұстаздарды Алғыс хаттарымен марапатталды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мухсинова Василина Викторовна сөз сөйлеп, білім күнімен салтанатты жиынға қатысушыларға жылы лебізін білдрді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. «Тұмар би ансамбльі» бишілер тобы «Торы жорға» биін билеп, бүгінгі салтанатты кештің көркін арттырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндер барша жиынға қатысушыларға өз өнерлерін ұсынды. Алдымен 1 сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері өлең шумақтарын, тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді.
Мерекелік шара барысында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы
Алматы академиясы» бастығы полиция генерал-майоры Сайтбеков Айдар Мүтәлікұлы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 250 бүлдіршінге «Жолда жүру» ережелерді сақтауды үйренуге арналған бояу дәптерлерін сыйға тарту етті. 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Жұбанова таныстырды. Мектеп парламенті «Өзін – өзі басқару» ұйымының президенті Кубеева Сымбат және Мектеп парламенті спорт министірі Кулаков Илья Витальевич мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып оқушыларына ақ тілектерін айтып, мектеп түлектері атынан сый-сияпатын көрсетті.
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін мектебіміздің биыл түлеп ұшатын үздік түлектері 11 «А» сынып оқушысы Алтын түлек республикалық математикалық олимпиадасының жүлдегері Абылова Рафаэлла, 11 «Б» сынып оқушылары алтын белгі үміткерлері: Кубеева Сымбат, Шадыхан Айя, Сырғабай Жанель, Серикболова Эльвира 11 «В» сынып үздік оқушылары алтын белгі үміткерлері: Бабаджанова Асаль, Магомедова Шахзода, Канибекова Алуа, Карабекова Аида және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз:
Мәдіхан Айтөре Шайман Сезім, Мұрат Иманали, Сарсенбай Ержан, Зулпукаров Шахмир, Ришнитов Эмир, Нарыгина Каралина, Лювалинова Лейла, Пекташ Эмирханға берілді.
Мереке күні оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында мұғалімдер кезекшілігін ұйымдастырылды. 1 – қыркүйек білім күні мерекесінде мектепте еш келеңсіздік орын алған жоқ.
https://www.instagram.com/reel/C_YPK0LsndL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Анықтама дайындаған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова