Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру” тақырыбында ашық есік күні
12
қыркүйек
2024

“Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру” тақырыбында ашық есік күні

12.09.2024ж №205 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру” тақырыбында ашық есік күні өтті. 
   Ашық есік белгіленген жоспар бойынша жүргізілді. Жиналыста мектеп директоры бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен міндеттері, құндылықтар мен тәрбие үлгілерін таңдау жауапкершілігін дамыту, әр баланың физикалық, интеллектуалдық және әлеуметтік-эмоционалдық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау турасында кеңінен сөз етті. Бастауыш сынып мұғалімі Айсаутова Сағыныш Абайқызы ата-аналармен жылы қарым-қатынас орнатып, “Ата-ана, мұғалім, оқушы” үштігінің жұмысын үйлесімді орнату мақсатында “Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың міндеттері” туралы баяндама жасады. Ал, Гаппарова Гульмира Турсунмухамедовна ата-аналарға адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең басты - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістердің болуы туралы керемет тренинг ұйымдастырды. Тренинг ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін айтып, мектеп тіршілігі мен оқу-тәрбие үдерісіне белсене қатысуға шақырды. Ашық есік одан әрі жалғасын мектептің ішін экскурсия жасаумен ұласты. Әр бастауыш сынып жетекшісі күннің қорытындысын өз сыныптарында жиналыс жасап, қорытындылады.