Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік сынып жетекшісі – 2024» мектепішілік байқауы
23
қыркүйек
2024

«Үздік сынып жетекшісі – 2024» мектепішілік байқауы

Мектепте 21.09.2024 ж күні «Үздік сынып жетекшісі – 2024» мектепішілік сынып жетекшілер байқауы өтті.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған._

Мақсаты – педагогикалық шеберлікті жетілдіру және сынып жетекшілерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру.

Бұл байқау сынып жетекшілерді кәсіби тұрғыдан жетілдіру мен қызметінің беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, сынып жетекшілердің жеке қабілеттері мен тиімді тәрбие технологияларын анықтау, сондай-ақ өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуы үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді.

Байқаудың әр кезеңінде қатысушыларға бейнеролик форматында шығармашылық сынып сағатын көрсету, ата-аналармен өзара іс-қимыл жүйесін ұсыну, өзін-өзі таныстыру, өз жобаларын қорғай отырып, педагогикалық қызметте әртүрлі жағдайларға талдау жасау талаптары қойылды.

Нәтижесінде: «Үздік сынып жетекшісі – 2024» мектепішілік сынып жетекшілер байқауының ІІІ – орынға бастауыш мектебінің 4 «б» сынып жетекшісі Султанкулова Бота, «г» Сағатжан Аяулым, 7 «ә»  сынып жетекшісі Жұмахан Қасиетке және 9 «ә» сынып жетекшісі Куанышбаева Камшат Тарлабековнаға берілсе,  ІІ - орынды «ғ» сыныбының жетекшісі Ниязбекова Гулнар мен 1 «ж» сынып жетекші Муканова Бибигуль   иеленді. І – орынды 6 «г» сынып жетекшісі Айтуар Алуа Зұлқарнайқызы еншілесеБас жүлдені 10 «а» Қожахметова Аяулым Серікқызына бұйырды.