"Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 қазан "Қарттар күніне" орай мектебімізге ардагер ұстаздар мен ардақты әже, аталарымыз арнай шақырлды. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан мектеп ұстаздары әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді.
Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қарттар мерекесіне орай 6 сынып оқушыларының қатысуымен
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада 6 сынып оқушыларының асыл әжелері қонақта болып, немерелерінің мерекелік қойлымын тамашалап, балаларға алғыстарын, ізгі тілектерін жеткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Оқушыларымыз мың бұрала би билеп, күмбірлете күй шертіп, әсем әуендерін орындап, қарияларымыздың көңілін көтеріп қойды. Осы сынды іс-шаралар ұлт болашағы жастарымыздың бойына патриоттық сезімін ұялатып, үлкен-кішіге құрмет көрсету және өзге де игі қасиеттерге баулиды.



