15
қазан
2024
Күзгі демалыстағы жоспар
Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады."Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: • "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде "Демалыста кітап оқимыз" мектепішілік іс-шарасы; • "Буллингтен қорған!" қауіпсіздік сабағы; • Мектеп оқушылары үшін "Күзгі асар" жәрмеңкесі; • "Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру ұсынылады. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет"