Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы кітап жәрмеңкесі
03
сәуір
2023

Алматы кітап жәрмеңкесі

Алматы кітап жәрмеңкесі өтті

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда жыл сайынғы «Алматы кітап жәрмеңкесі» өтті. Отандық кітап өндірісін дамыту мен насихаттауға арналған іс-шараға 20-дан астам отандық баспа мекемесі мен кітап дүкендері қатысып, келушілерге өз өнімдерін ұсынды. Көрмеге 60-қа жуық баспа, 10 мыңға жуық адам қатысты. Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен игі шараға  № 205 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары «Алматы кітап жәрмеңкесінің» қонағы болу мәртебесіне ие болды. 

Көрмеге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елінен арнайы делегация қатысып, жәрмеңкеге кітаптарын ала келді. Ашық аспан астында өткен мәдени шара Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда ұйымдастырылды.

Қатар тізілген ақ шатырларға отандық баспалардың кітаптары қойылды. Келушілер Алтын қордағы 19-20 ғасырдың басында шыққан сирек кездесетін кітаптарды да тамашалай алды. 

Осындай рухани шарада қоғам қайраткерлері мен өнер майталмандары сөз алып, кітап жәрмеңкесінің маңызына тоқталып өтті. Дәстүрлі домбыраны дәріптеген оркестр көрмеге келушілердің көңілінен шығып, мәдени шараны сүйемелдеп отырды.

"Құнды кітап көрмесі, кітап жәрмеңкесі келер ұрпақтың кемелденуіне, бәсекеге қабілетті, білімді қоғамның қалыптасуына зор ықпал етеді

Алматы қаласында өтіп жатқан кітап жәрмеңкесі өте жақсы бір бастама болып жатыр. Бірнеше кітаптар сатып алдым. Балаларға арналған әдебиет өте жақсы екен", – деді қала тұрғыны, ұстаз Жанна Жетенва.