Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің Қазақстаным менің болашағым» тақырыбында тәрбие сағаты
21
қазан
2024

«Менің Қазақстаным менің болашағым» тақырыбында тәрбие сағаты

21.10.2024 жыл күні № 205 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сыныптар аралығында  «Менің Қазақстаным менің болашағым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолын, Республика күнінің мәні мен маңызын түсіндіру. 

Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға баулу. 

Тарихи сананы қалыптастыру, тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында мұғалім оқушыларды Қазақстанның болашағы туралы ой бөлісуге шақырады.

Оқушылар өз елдерінің болашақта қалай дамуы керектігі жөнінде қысқаша пікірлерін білдіреді.

Осы тәрбие сағаты арқылы оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресін тереңірек түсініп, Республика ретінде қалыптасуындағы маңызды оқиғалармен танысады. Патриоттық рухты арттырып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу негізгі мақсаты болып табылады. Тәуелсіздіктің құндылығын ұғындыру және болашақта ел дамуына өз үлестерін қосуға ынталандыру – осы іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі.