«Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып жетекшілерге оқыту семинар-практикумы» атты семинар өткізілді.
29 қазан 2024 жылы №205 ЖББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Жетенованың ұйымдастыруымен сынып ұжымына арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасының оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолдану, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында мектепішілік «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып жетекшілерге оқыту семинар-практикумы» атты семинар өткізілді. "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары" атты семинар барысында 2024-2025 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен негізгі бағыттары бойынша мәселелер талқыланды. Тәжрибие алмасу мақсатында «Жаным» орталығының психологы, АРТ -терапевт, тренер, Шарипова Алия Тилеубаевна бірінші бөлімде бүгінгі сынып жетекші портреті қандай болу керек?, АПГРЕЙД-45 минут:әр сабақта оқушылардың ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалай дамыту керек? тақырыбында тренингтер көрсетілді. Екінші парктикалық бөлімде бағдарламаның 6 құндылығын жобалар арқылы іске асыру тетіктері туралы іс-шаралар жоспарын құру арқылы ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарын: 1 “Б” сыныбының жетекшісі М. Отарбаева «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру мақсатында “Мен бақытты баламын” атты тәрбие сағатын өткізіді. 3 “Г” сыныбының жетекшісі А.Е.Сағатжан “Путешествие в страну дорожного движения” тақырыбында жол ережелері көрнекіліктерді қолдана отырып, ашық тәрбие сағатын көрсетті. 9 "ә" сынып жетекшісі К.Т.Куанышбаева қоғамда өзекті болып тұрған "Буллинг" мәселесін алдын алу бойынша топтық жұмыстарын көрсетсе, 7 "Г" сынып жетекшісі К.П. Котлярова "Экология (Вторичная переработка сырья)" тақырыбы бойынша танымдық тәрбие сағатын көрсетті.
Осы семинар-практикумға ат салысқан барлық сынып жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.
Мектеп әкімшілігінің бастауымен сынып жетекшілер өз мақсат-міндеттерін пысықтап, өзара пікір алмасты. Әріптестік ортада сынып жетекшінің жұмысын талдап, өзара бағамдау кері байланысын орнатты. Құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау мен оны жүзеге асыруда, сыныптағы оқушылармен жұмыс жүргізу барысында қандай проблемалар болуы мүмкін және оларды қалай шешуге болатындығы туралы өзара кері байланыс жасады.