Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қазан
2024

"Лего" әлемінде





Қазіргі таңда №205 жалпы білім беретін мектепте лего үйірмесіне 1-5 сыныптар арасынан он оқушы қатысады. Бірінші тоқсан бойынша лего үйрмесі тақырыптық жоспар бойынша өтуде, аптасына бір күнді қамтылған аптаның бейсенбі күндері с корпус 106 кабинетте өтеді. 

Мақсаты: Лего құрастырумен және роботты техника меңгеру құралымен мектеп жастағы балалардың шығармашылықты әлеуетін дамыту.


Оқушылар тақырып бойынша лего жоспарымен танысады және өз ара лего құрастырғыштармен танысады. 

ЛЕГО балалардың ойын,  зейінін дамытады. Сондай-ақ үйірмеде  балалар әртүрлі биіктікті мұнаралар және неше түрлі көліктер, үйлер құрастырып,  қызығушылықтарын арттырады. Лего – өзімен бірге алуан түрлі нәрселерді құрастыру мен модельдеу үшін арналған, бөлшектері жиынтығы ой қабілеттілікті дамытатын ойыншықтар топтамасы. Негізгі бөлшегі кірпішік болып келеді. Бұл бөлшек басқа кірпішіктермен, тиектермен біріктіріліп жалғанады. Лего бөлшектері формасының өзгеруіне қарамастан бір-бірімен жалғана алады.
 Лего – құрастырмаларын сөйлеуінде ауытқулары бар топ балаларын оқытуда кеңінен пайдаланылады. Құрастыру кезінде ұсақ моторика дами отырып, баланың ойлау қабілетін дамытады. Лего ойыншықтарын бала ұстап көре алады. Құрастырмалар бала өміріне қауіпсіз. Қолын кесіп алу, жұтып қою, улану жағдайлары анықталмаған. Баланың қолдары таза қалпында қалады. Ойнап болғаннан соң құрастырмаларды тез жинай алады.
 Лего құрастырмаларын қолданып бала ойындағысын құрап қуанышқа бөленеді. Лего арқылы оқыту ойын түрінде жүзеге асады.