01
қараша
2024
Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ашық есік күні өтті.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ашық есік күні өтті. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің «61993» әскери бөлімі мектеп оқушылары үшін 2024 жылдың 31-ші қазанында патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ашық есіктер» күні ұйымдастырылды.Осы іс - шараға Алматы қаласының білім беру ошақтарының 9-11 сынып оқушылары қатысты.Аталған іс -шара жоспары бойынша оқушылар жауынгерлердің тұрмыс тіршілігі мен қызмет барысымен танысты, сондай-ақ жауынгерлік қарулар мен техникалардың қыр-сырымен етене жақын танысты. Іс- шараның соңында оқушылар өте жақсы әсер алғандарын бір-бірімен бөлісті. Оқушылар арасында әскери қызметке деген қызығушылық танытқандары да табылды. Оқушыларға мектебіміздің АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы лейтенант Қанағатұлы Ә. жетекшілік етті.





