Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Ұлттық теңге күні тәрбие сағаты 5,6,7
11
қараша
2024

ҚР Ұлттық теңге күні тәрбие сағаты 5,6,7

11.11.2024 жыл күні № 205 жалпы білім беретін мектепте 5,6,7 сыныптар үшін «ҚР Ұлттық теңге күні» тақырыбында  тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Теңгенің тарихын таныстыру: оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің пайда болу тарихы, оның Қазақстан экономикасы мен мәдениетіндегі маңызы туралы ақпарат беру.

Ұлттық валютаға деген мақтаныш сезімін ояту: Оқушыларда теңге арқылы өз елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мақтанышын ояту, оның Қазақстанның дербес мемлекет екендігін көрсететін маңызды символ екенін түсіндіру. Экономикалық білім беру: Теңгенің экономикалық рөлі мен қаржы сауаттылығын түсіндіру арқылы оқушыларды қаражатты дұрыс басқаруға, үнемдеуге, қаржылық жауапкершілікке баулу.

Тәрбие сағаты барысында оқушыларға  теңгенің тарихы туралы LED экраннан видеороликтер мен презентация көрсетілді сонымен қатар сұрақ жауап арқылы өз ойларымен де бөлісті.