17
желтоқсан
2024
"Табиғатты аялайық" жобалар сайысы
2024 жылдың 17 желтоқсанында сағат 14:00-де №205 жалпы білім беретін мектепте «Табиғатты аялайық» тақырыбындағы жобалар сайысы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, экологиялық мәдениет пен табиғат қорғау мәселелеріне деген оқушылардың ынтасын арттыруға үлкен үлес қосты. Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастырып, олардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін ұштау, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сайысты ұйымдастыруға жетекшілік еткен Қалдарбекова Әйгерім (география пәні мұғалімі) мен Абитаева Айсулу (биология пәні мұғалімі) оқушыларды терең ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттап, олардың экологиялық мәселелерді жан-жақты талдап, шығармашылық тұрғыда шешімдер ұсынуына мүмкіндік берді. Мұндай жұмыстар жас ұрпақтың болашақтағы ғылыми жетістіктері мен табиғатқа деген қамқорлық тұрғысындағы маңызды қадам екені сөзсіз.
Қазылар алқасы сайыс барысында қатысушылардың әрбір жобасын мұқият тыңдап, олардың экологиялық тұжырымдары мен ғылыми дәлелдемелерін бағалады. Оқушылар өз жобаларында қазіргі экологиялық мәселелерді, табиғатқа әсер ететін факторларды, сондай-ақ экологияның сақталуы үшін қажетті шараларды ұтымды әрі шығармашылық тұрғыда жеткізе білді.
Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
I орын — Серікболов Али
II орын — Қалибек Ануар,
Қалдыбай Алихан,Қалдыбек Диас, Алмасбекқызы Кәусар, Ғазиз Нұржан
III орын — Жеңгисбаева Эльгиза, Темірғали Айша, Сарқамбай Амина.Барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. Әрбір оқушының жобасы жеке бір ғылыми жұмыс ретінде қарастырылып, табиғатты қорғау мәселесіне қатысты тың идеялар мен шешімдер ұсынылды. Бұл сайыс оқушылардың экологиялық жауапкершіліктерін арттырып, болашақта ғылым мен білімнің дамуына өз үлесін қосатын азаматтар қатарын қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдіміз.
Жобалар сайысы ұйымдастырылуы мен өткізілуінде Қалдарбекова Әйгерім мен Абитаева Айсулу ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық күш-жігері айрықша атап өтілді. Олардың жетекшілігімен өткен бұл сайыс экология саласындағы ғылыми көзқарас пен жаңа идеялардың дамуына үлкен серпін берді деген сенімдеміз.