Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі
03
ақпан
2025

"Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі

Бүгін №205 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сынып аралығында «Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатын сынып жетекшілері өтті. Мектеп әкімшілігі тексеру жұмыстарын жүргізді. Сынып сағатының мақсаттары: 
1. Демократиялық құндылықтарды қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сана-сезімі мен электоралдық мәдениетін арттыру; 
2. Оқушыларды сайлаудың демократияның жұмыс істеуіне әсері туралы ақпараттандыру; 
3. Оқушылар арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.
2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Будапештте өткен Сайлауды ұйымдастырушылардың жалпыға ортақ конференциясы шеңберінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында өткізіледі. Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдерде Дүниежүзілік сайлау күні сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеудің бастамашысы Қазақстан Республикасы толық құқылы мүшесі болып табылатын Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығы (ЕҚЫҰ) болып табылады. Бүкіләлемдік сайлау күні азаматтардың сайлауға қатысу және демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу жөніндегі жалпыға ортақ құқығын білдіреді. Оқушыларға демократиялық қоғамның тәртіп пен заңдарын үйретіп, отансүйгіштікті бойларына дарытуға күш салынды.