«JasSkills Almaty 2024» кәсіптік шеберлік байқауы
№205 ЖББ мектептің 9 - сынып оқушылары 2024 жылы 19 желтоқсан күні Алматы қаласы Қабдолова 12 көшесінде орналасқан «Алматы технологиялық колледжінде » өткен, байқауға барып қайтты.
«JasSkills Almaty 2024» кәсіптік шеберлік байқауын өткізу, ең алдымен, мектеп оқушыларын болашақ мамандығымен ерте таныстыруға, еңбек адамының мәртебесі мен озат мамандықтардың беделін арттыруға ықпал етті.
Бұл іс-шара мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, жас таланттарды анықтау мен олардың кәсіби шеберлігін арттыру алаңы, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының беделін нығайтудың тиімді тәсілі болып табылады. Чемпионат барысында қатысушылар өздерінің практикалық дағдыларын шынайы жұмыс жағдайына барынша жақын ортада көрсете алды. Чемпионаттың нәтижесінде «JasSkills Almaty – 2024» жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, біз оларды шын жүректен құттықтаймыз! «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша: 1-орын – Байсалбаев Темірлан иеленді.
Оқушылар өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктері мен шығармашылық әлеуетін лайықты көрсете білді.
