Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жұмысшылар – елдің тірегі
03
наурыз
2025

Жұмысшылар – елдің тірегі

Бүгін мектебімізде ауқымды көлемде «Жұмысшылар – елдің тірегі» атты іс-шара өтті. Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды – бұл экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам. Бұл шешім елдің тұрақты өсуі мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын білікті мамандарды дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Осыған орай бүгін мектебімізге Алматы сән және қызмет көрсету саласы коллелджі, Алматы технологиялық колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Логистика және көлік академиясының Алматы колледжі, «Интердент» Жоғары медициналық колледжі, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі келіп, 9-сынып оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен колледж қызметкерлері сұқбаттасып, қажет ақпараттарын ала білді.
https://www.instagram.com/reel/DGvDTozML4o/?igsh=Y3Z1cGp2Z2gxazYx​​​