Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Робототехника чемпионаты
21
ақпан
2025

Робототехника чемпионаты

Оқушыларымыз робототехника чемпионатына қатысып, тәжірибе алмасып қайтты!
 2025 жылдың 
21 ақпан күндері Алматы қаласы, Алатау ауданында, "Атакент" көрме кешенінде өткен робототехника чемпионатына мектебіміздің оқушылары қатысып, мол тәжірибе жинақтап қайтты.

Іс-шараға еліміздің түрлі аймақтарынан келген оқушылар мен жас өнертапқыштар жиналып, өздерінің роботтық жобаларын таныстырды. Біздің оқушылар белсенділік танытып, жаңаша идеялармен бөлісті және басқа командалармен тәжірибе алмасты.

Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Сайыс оқушылардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойлауын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.

Мектеп атынан жетекшілік еткен информатика пәні мұғалімі — Кожанова Жанар Ауелбековна.