Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қоқысқа екінші өмір сыйла " жобалар сайысы.
11
ақпан
2025

"Қоқысқа екінші өмір сыйла " жобалар сайысы.

Экологиялық білім мен шығармашылық бастамалар

№205 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылып, экологиялық мәдениет пен табиғат қорғау мәселелеріне деген оқушылардың ынтасын арттыруға үлкен үлес қосты. Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастырып, олардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін ұштау, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Сайысты ұйымдастыруға жетекшілік еткен Қалдарбекова Әйгерім (география пәні мұғалімі) мен Абитаева Айсулу (биология пәні мұғалімі) оқушыларды терең ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттап, олардың экологиялық мәселелерді жан-жақты талдап, шығармашылық тұрғыда шешімдер ұсынуына мүмкіндік берді. Мұндай жұмыстар жас ұрпақтың болашақтағы ғылыми жетістіктері мен табиғатқа деген қамқорлық тұрғысындағы маңызды қадам екені сөзсіз.

#ТабиғаттыАялайық #Экология #ҒылымиЖоба #Шығармашылық #ЖББМ #№205Мектеп