Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай мұраларын ұлықтайық!
22
сәуір
2025

Абай мұраларын ұлықтайық!

        2025 жылдың 22 сәуір күні  Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай 9,10,11-сынып оқушылары арасында «Абай мұраларын ұлықтайық!»  атты сайыс  өтті Оқушылар Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан  өлеңдерін жатқа айтты.                      

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. 

Оқушының бойына ақыл  мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. 

Қанымызда бар шешендік  өнер мәдениетін ұрпаққа үлгі ету, бойынан көру. 

Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.


   Аудандық сайыста  ақынның өлеңін  нақышына келтіре мәнерлеп жатқа айтқаны үшін 9 «Ғ» сынып оқушысы Асылбай Ерасыл  АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды. 

#Абай180жыл, #Abai180