Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына - 135 жыл
2025 жылдың 28 сәуір күні мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматургия мен романның негізін салушы, аудармашы, әдебиеттанушы, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына - 135 жыл толуына орай оқушыларға танымдық сағат өтті. LED экраннан Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар көрсетілді.
Мақсаты: 1. Ж.Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығын, жазушының азаматтық биік тұлғасын, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін оқушылар өздері жұмыс істей отыра меңгереді.
2. Оқушылардың ой-өрісі, ойлау қабілеті, ауыз-екі сөйлеу тілі дамиды, өз бетінше білуге дағдыланады, оқуға деген ынтасы оянады.
3. Жазушы өмірінен үлгі алады. Әдебиетті сүюге қызығушылығы артады.



