Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ең үздік оқырман сынып
19
мамыр
2025

Ең үздік оқырман сынып

      2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   кітапхананың жұмысын, өткізілген көпшілік іс-шараларды талдау барысында, 1-11 сыныптар бойынша  кітапханамен үнемі байланыста болып, әдеби кітаптарды көп  оқып, іс-шараларға белсене атсалысқан сыныптар   анықталды.

Атап айтсақ 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушылары.   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оларды жүйелі түрде оқырмандық мәдениетке тәрбиелеп,  «Ең үздік оқырман сынып»  атануына қосқан елеулі үлесі үшін   8 «А» сынып жетекшісі  Кыдырмоллаева Кундуз Абайхановна және   8 «Ә» сынып жетекшісі  Жылқайдар Гүлжанат Жарылқасымқызы мектеп директорының                                 Алғыс хатымен марапатталды.

Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, оқушыларды оқуға тарту, кітаптың құндылығын ұғындырып, дәстүрлі оқуды сақтау және дамыту.