Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру
08
қыркүйек
2025

«Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру

Мектебімізде «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» атты танымдық іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларды отбасылық құндылықтарды құрметтеуге, ата-баба салт-дәстүрін дәріптеуге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында әр сынып өз әулетінің дәстүрлерін таныстырып, отбасындағы бірліктің, сыйластықтың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар шығармашылық жұмыстар, көріністер мен отбасылық жоралғылар арқылы ұлттық құндылықтардың болашақ ұрпаққа жалғасатынын айқындады.

Бұл шара оқушыларға отбасы тарихының терең мағынасын түсінуге және болашаққа жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.