21
қазан
2025
"Толағай" спорттық ойын

2025 жылдың 21 қазан күні бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында «Толағай» атты спорттық ойын өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен ата-аналар арасында достық қарым-қатынас орнатып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Ойын барысында қатысушылар түрлі спорттық эстафеталар мен жарыстарға қатысып, ұйымшылдық пен белсенділік танытты. Әр отбасы өз күшін, ептілігін және бірлігін көрсете білді.
Шара соңында белсенді қатысқан ата-аналар мен оқушылар алғыс хаттармен және мадақтамалармен марапатталды.
Қорытынды:
«Толағай» спорттық ойыны жоғары деңгейде өтті. Іс-шара оқушылар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасылық бірлікті нығайтуға ықпал етті.