Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «15 қараша - Ұлттық валюта күні»
10
қараша
2025

«15 қараша - Ұлттық валюта күні»




Бүгін 4"Ә", 4"Б", 4"В", 4"Ғ"сыныптарында «15 қараша - Ұлттық валюта күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға Ұлттық валюта — теңгенің тарихы, оның маңызы мен еліміздің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы түсінік беру, оқушылардың отансүйгіштік қасиетін арттыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар теңгенің шығу тарихы, алғашқы купюралар мен монеталар, сондай-ақ қазіргі айналымдағы ақша белгілері туралы мағлұмат алды.
Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіліп, сұрақ-жауап, викторина және шығармашылық тапсырмалар өткізілді.
Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.