29
қараша
2025
"Зерде" ғылыми жоба


Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасында өтетін “Зерде” ғылыми жоба сайысының мектепшілік кезеңінен бастауыш сынып оқушылары арасынан 30 оқушы жобасымен аудандық кезеңге жолдама алды. 28.11.2025 күні Аудандық кезеңге 29 оқушы, 30 жобамен қатысты. Нәтижесінде 10 оқушы жобаларын үздік қорғап шығып, жүлделі 2 және 3 орындарға ие болды. Жас зерттеуші оқушыларымызды Құттықтаймыз!