01
желтоқсан
2025
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»



🔹Тақырыбы: «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»
🔹Өткізілген күні: 01.12.2025 ж.
Бүгін «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.🌳Сабақтың мақсаты – оқушыларға табиғатты сүю, қорғау, жан-жануарлар мен өсімдіктерге қамқор болу туралы түсінік беру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.🌱🌷🌊
Сынып сағаты барысында:
• Балалар табиғат туралы әңгіме тыңдады;• Құстарға, жануарларға, ағаштарға қалай қамқор болу керектігі туралы талқылады;• «Табиғатты қорға!» тақырыбында суреттер қарап, пікір айтты;• Тазалық сақтау, қоқысты жерге тастамау жөнінде ережелермен танысты;• Соңында «Табиғат – біздің ортақ үйіміз» атты шағын бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенді қатысып, табиғатты қорғаудың маңызын түсінді. Сабақ мақсаты толық орындалды.🏞️☀️