Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 желтоқсан күні 4 «А» сыныбында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай ашық сынып сағаты
17
желтоқсан
2025

15 желтоқсан күні 4 «А» сыныбында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай ашық сынып сағаты




2025 жылдың 16 желтоқсанында 4 «А» сыныбында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай ашық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар ел тарихына шолу жасап, Желтоқсан оқиғасының маңыздылығы жайлы мағлұматтар айтып, тақпақтар оқып, көрініс қойды. Сонымен қатар, «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, өз Отанын құрметтеуге деген патриоттық сезімдерін көрсетті.
Сынып үш топқа бөлініп, шығармашылық тапсырмалар орындады:  
1-қатарға — *«Жаңа Қазақстанды қалай елестетесің?»* деген тақырыпта кластер құрастыру тапсырылды.  
2-қатарға — *М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінен үзінді құрастыру* берілді.  
3-қатарға — *Тәуелсіздік тақырыбында сөзжұмбақ шешу* тапсырылды.
Іс-шара мазмұнды, тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.  
*Сынып жетекшісі:*  
Ардак Муратовна