«Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл» тақырыбына сынып сағаттары
Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба– мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн– өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.







1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Осыған орай 23.05.2023жылы №205 жалпы білім беретін мектепте
«Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» тақырыбында 5 «А» ,5 «В»,5 «Г»,5 «Е», 6 «А»,6 «Ә» ,7 «А»,7 «Б»,7 «Ғ» ,8 «А»,8 «Ғ»,9 «А», 9 «Ә», 9 «В»,10 «Ә» сыныптары тәрбие сағаттарын өткізді..
Оқушыларға LED экраннан «Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл» тақырыбына презентация арқылы танымдық сабақтар көрсетілді. «Көк аспан», «Қыран», «Алтын дән» тобы болып бөлініп,рәміздер туралы жинаған деректерін ортаға салды. «Кім зерек?»тапсырмаларын орындады.Рәміздердің белгілерін сипаттап жазды.Ақ қағазға мемлекеттік тудың суретін салып.Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк тудың желбірегені»атты әнін тыңдады.