17
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік тұғырым
Мектеп кітапханасында 17 желтоқсан күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исламбекова Ақтоты Бекмұратқызы 7,8,9 сынып оқушыларымен мәнерлеп оқу ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушыларды туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу; оқырмандарды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.




