“Балалық шақ әлемі қандай ғажап” 1 маусым
№ 205 Жалпы білім беретін мектепте Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Балалық шақ әлемі қандай ғажап” мазмұнында “Бақыт, Күн, Достық- балаларға” атты тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. "Балалық шақ әлемі қандай ғажап" атты шараға мектептің орта буын сыныптары арасында флешмоб өтті. Мақсаты: Білім алушылардың рухани -адамгершілік мәдениетін, эстетикалық ,патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.
30.05.2023 жылы мектепте «1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні» тақырыбында 5А,5б, 5д, 5е, 5г, 5в, 6 «А»,6 «Ә», 6 г, 7 а ,7 б,7 «Ғ» ,8 «А»,8б, 8 «Ғ»,8д,9 «А», 9 «Ә», 9 «В» 10А, 10Ә, сыныптары тәрбие сағаттарын өткізді.
Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Бүкіл әлемде 1 маусым - Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру..
Тәрбие сағатында «Бақытты балалық шаққа» саяхат жасады.
Бала құқығын қорғау туралы конвенциямен танысты.А4 форматқа суреттер салып,балалық шақтарының естеліктерімен бөлісті.Түрлі-түсті борлармен тақтаға өздерінің ата-аналарына деген ізгі тілектерін жазды.




