19
желтоқсан
2025
«Қош бол, сүйікті Әліппе!»





🔹Сынып: 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б»
🔹Іс-шара атауы: «Қош бол, сүйікті Әліппе!»
🔹Өткізу күні: 19.12.2025
🔹Сынып жетекшілер: Аубакирова А.П., Сейдуалы М.Ә., Қалабаева Ә.Т.
________________________
🔹Бүгін мектебімізде 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың әліппені меңгеру кезеңін қорытындылау, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
🔹Мерекелік кеш барысында балалар өз өнерлерін паш етті: өлеңдер оқып, әндер орындап, сахналық көріністер көрсетті. Сондай-ақ, әр оқушының белсенді қатысуы мен ынтасы ерекше атап өтілді. Іс-шара барысында оқушылардың бір-біріне деген сыйластығы, өзара көмегі мен достығы көрініс тапты.
🔹Кештің жоғары ұйымдастырылуы мен жоспарға сәйкес өтуі ата-аналар тарапынан да оң бағаланды. Барлық қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болып, мереке балалар үшін есте қаларлықтай әрі қызықты өтті.✨✨✨📖📖📖