Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
желтоқсан
2025

"Жыл таңдауы 2025 "


№205 мектепте 2025  жылының соңында білім алушылардың жетістіктерін саралау, белсенді сыныптарды ынталандыру және оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатында қорытынды «Жыл таңдауы – 2025» іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараның нәтижесі бойынша оқу үлгерімі, сыныптың ұйымшылдығы, қоғамдық-тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысуы және мектеп өміріне қосқан үлесі ескеріле отырып, 2 «В» сыныбы «Үздік сынып» номинациясына лайық деп танылды.
Сынып жетекшісі – Шегирова Дина Канатбековна.
Сынып жетекшінің жүйелі еңбегі, оқушылармен жүргізілген тәрбиелік жұмыстары мен ата-аналармен тығыз байланысы жоғары деңгейде бағаланды.
Іс-шараның мақсаты:
– оқу жылы қорытындысын шығару;
– білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісіндегі жетістіктерін анықтау;
– белсенді, ұйымшыл сыныптарды ынталандыру;
– оқушылардың мектеп өміріне қызығушылығын арттыру және жағымды мотивация қалыптастыру.