Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала құқығы- асыл қазына
08
қараша
2022

Бала құқығы- асыл қазына

Мектебіміздің орта буын мен жоғарғы сыныптарында "Бала құқығы- асыл қазына" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты:
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
" Бала құқықтары туралы конвенция" - Адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт.
Әрбір ата- ана және оқушы өз құқықтары жайлы осы кітаптан оқып біле алады.
 Сонымен қатар, 8 – 10 сынып оқушыларынан «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнама алынды. 5г, 5д, 5 б 7ә, 7б, 7г, 7А, 6ә, 8в, 5ә 10 б,  9 А,9ә, 10ә тақырып бойынша сыныптарда «Бала құқығы – адам құқығы», «Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.   Сонымен қатар кітапханашы Жакупбаева М.С «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқушылармен челлендж ұйымдастырды Мектеп психологы  5– 6 сыныптар арасында «Жылы жүрек» тақырыбында, 7- 8 сынып оқушыларымен «Менің құқығым» тақырыбында сауалнама6 сұхбат өткізді. 
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0Z1QA2JSdGV6tyQVpSLhcuw8MVjJVCk51x8iiVpMcefRn3RWwQxjc5fcR6CxUSQP9l&id=100084260133203