Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қараша
2025

«Оқитын ұлт» жобасы

«Оқитын ұлт» жобасы аясында 20 қараша күні А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Оқитын ұлт: Кітап клубы» атты интеллектуалдық-шығармашылық батлдың шешуші кезеңі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

✨ Батл қазақ әдебиетінің бүгінгі сөз зергері Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» туындысы негізінде өткізілді. Шараға №182 мектеп-гимназия, №57 жалпы білім беретін мектеп, №161 Ж. Жабаев атындағы лицей, №147 гимназия, Абай ұлттық мектеп, сондай-ақ №205 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

✨ Шара барысында оқушылар шығарма желісі бойынша қысқаша көрініс қойып, бейнеролик көрсетті. Топтар өздерінің ерекше дайындықтарымен және шығармашылық өнерлерімен көзге түсті.

«Оқитын ұлт: Кітап клубы» атты интеллектуалдық-шығармашылық батлдың қорытындысы бойынша:
1-орын — №147 гимназияның “Рух сәулесі” тобы
2-орын — №182 мектеп-гимназияның “Жарық іздегендер” тобы
3-орын — №157 жалпы білім беретін мектептің “TANIM ALL” тобы

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Алдағы білім жолдарыңыз жарқын болып, талай биіктерді бағындыра беріңіздер!