06
қараша
2025
«Оқитын ұлт» жобасы
«Оқитын ұлт» жобасы аясында 6 қараша күні Алатау Креатив Хаб кітапханасында «Оқитын ұлт: Кітап клубы» атты интеллектуалдық-шығармашылық батлдың бірінші кезеңі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
✨Батл қазақ әдебиетінің бүгінгі сөз зергері Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» туындысы негізінде өткізілді. Шараға №182 мектеп-гимназия, №57 жалпы білім беретін мектеп, №161 Ж. Жабаев атындағы лицей, №147 гимназия, Абай ұлттық мектеп, сондай-ақ №205 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
✨Шара барысында оқушылар өздерінің алғырлықтарымен, топпен жұмыс істеу дағдыларымен, ойын ашық әрі еркін жеткізу қабілеттерімен көзге түсті. Барлық топ өздерінің ерекше дайындықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, келесі кезеңге өтті.
Барлық қатысушыларға шабыт пен сәттілік тілейміз! Әр бет ашқан кітабыңыз сізді жаңа биіктерге жетелесін.