Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы» тақырыбында семинар
12
ақпан
2026

«Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы» тақырыбында семинар

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Шойбекова Жанар Искаковна «Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында ұстаздар ҚМЖ (Қысқа мерзімді жоспар) бөліктеріне жеке-жеке тоқталып, әр бөлімнің мәнін және сабақтағы рөлін түсіндіріп, анықтама берді. Атап айтқанда, оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары, тапсырмалар жүйесі, бағалау критерийлері, саралау тәсілдері және кері байланыс бөлімдері туралы нақты түсінік беріліп, олардың сабақты тиімді ұйымдастырудағы маңыздылығы айтылды.

Қатысушылар 3 топқа бөлініп, мәтін бойынша талқылау жасап, сұрақтарға жауап берді. Бұл тәсіл семинардың интерактивтілігін арттырып, қатысушылардың түсінігін тереңдетті.