16
ақпан
2026
Кітап сыйла – болашаққа жол аш
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру, қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында кітапханада «Кітап сыйла – болашаққа жол аш» тақырыбында акция ұйымдастырылды.
Акция барысында 2 сынып оқушылары өздері оқыған қызықты ертегі кітаптарын кітапханаға сыйлады.
Акцияға белсене қатысқан Шегирова Дина, Берикболова Айсулу, Отарбаева Макпал, Досмуратова Гулжазира, Муканова Бибигуль, Есбосынова Гульшат ұстаздар мен 2 сынып оқушыларына алғысымызды айтамыз.









