Суретші оқырман
2026 жылдың 5 наурыз күні кітапхана 5 «Ә» сынып жетекшісі Ерболат Мөлдір, 1 «Ә» сынып жетекшісі Сейдуалы Маржанның ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Суретші оқырман» тақырыбында 5 сынып оқушылар арасында сурет салудан сайыс өткізілді.
Мақсаты: Кітап адамның сенімді досы, көмекшісі екендігін, оны оқысаң биік шыңдарға жетелейтінін дәріптеу, кітап арқылы оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқушыларға Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сайысқа қатысушылар өздерінің туындыларымен таныстырып, салынған суреттердің мазмұнын түсіндіріп берді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абильдинов Есбол ағай суреттерді сараптап, ішінен үздік салған оқушыларды марапаттады.







