Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
наурыз
2026

Наурыз-жыл басы


 

 

 

 

Наурыз – жыл басы, жаңару мен берекенің бастауы болып саналатын ұлы мереке. Осыған орай мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік іс-шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, олардың мән-маңызын көрсете білді. Атап айтқанда, бата беріліп, шашу шашылды. Сонымен қатар, оқушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының мәдениетін дәріптеді.

Іс-шарада күй тартылып, әндер айтылып, ұлттық өнер кеңінен көрініс тапты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін аша түсті. Бұл мереке балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болды.

Жалпы, өткізілген мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.