Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «20 көлеміндегі сандар» тақырыбында ашық сабақ
07
сәуір
2026

«20 көлеміндегі сандар» тақырыбында ашық сабақ

 

 

 

🔹Бүгін Бастауыш бірлестіктің жоспарына сәйкес 1 «Ә» сыныбында математика пәнінен «20 көлеміндегі сандар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді 📚✨

🔹Сабақтың негізгі мақсаты – 20 көлеміндегі біртаңбалы және екітаңбалы сандарды ауызша қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру, есеп шығару барысында өз ойларын дәлелдей білуге үйрету 🎯

🔹Сабақ барысында түрлі тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың танымдық белсенділігі арттырылды. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, топтық, жұптық және жеке жұмыстарда өз білімдерін көрсете білді. Сонымен қатар, есептерді шығару кезінде амалдарды дұрыс таңдап, өз шешімдерін түсіндіруге дағдыланды 🧠🚀

🔹Сабақта көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар орынды пайдаланылып, оқу үдерісі жүйелі ұйымдастырылды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беріліп, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінді 📝🔍

🔹Жалпы сабақ өз мақсатына жетіп, қойылған міндеттер толық орындалды ✅ 🔹Оқушылардың білім деңгейі байқалып, жақсы нәтижелер көрсетілді 🌟

🔹Сынып жетекшісі: Сейдуалы М.Ә. 👩‍🏫