“Ғылым күні – Ғарыш әлемі” тақырыбында бастауыш сыныптар бірлестігі ұйымдастырған көрме
🚀 Ғарышкерлер күніне орай “Ғылым күні – Ғарыш әлемі” тақырыбында бастауыш сыныптар бірлестігі ұйымдастырған көрме өткізілді.
🎯 Көрменің негізгі мақсаты – оқушыларды ғарыш әлемімен таныстыру, ғылымға деген қызығушылығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
🖌️ Көрме барысында оқушылар ғарыш тақырыбында түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, суреттер салып, өз жұмыстарын ұсынды.
🌌 Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен ізденісін көрсетіп, ерекше мазмұнымен көзге түсті.
🙋♂️🙋♀️ Сонымен қатар, балалар ғарыш туралы білімдерімен бөлісіп, белсенділік танытты.
🏫 Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
✨ Қорытындысында, аталған көрме оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын нығайтуға өз үлесін қосты.




