«Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» тақырыбында отбасылық кітап оқу фотокөрмесі
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты Ұлттық кітап күні қарсаңында 2026 жылдың 21 сәуір күні 2 «В» сынып оқушыларымен «Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» тақырыбында отбасылық кітап оқу фотокөрмесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасы мүшелерімен бірге кітап оқудың маңыздылығын насихаттау және рухани құндылықтарды қалыптастыру болды.
Фотокөрмеге оқушылар өз отбасыларымен бірге кітап оқып отырған сәттерін бейнелейтін фотосуреттерін ұсынды. Көрме барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы ой бөлісіп, өздерінің сүйікті шығармалары жайлы әңгімеледі.
Аталған іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға оң ықпал етті.
Сынып жетекшісі Шегирова Дина



