2026 жылғы 9 қаңтарда Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы, полицияның аға лейтенанты М.М. Жұмабекова директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б. Амангельдинова және педагог Ш.Д. Аутовамен бірлесіп, 9-сынып оқушыларымен
«Ішкі тәртіп ережелері және тыйым салынған заттарды алып келуге жол бермеу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық жұмыс аясында білім алушылармен білім беру ұйымындағы мінез-құлық ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға және тыйым салынған заттарды алып келудің алдын алуға бағытталған түсіндіру әңгімесі өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

