10
наурыз
2026
«Ішкі тәртіп ережелері және жол жүру ережелері »
2026 жылғы 10 наурыз Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы, полиция майоры Т.М. Халмырзаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б. Амангельдинова және педагог Ш.Д. Аутовамен бірлесіп, мектеп оқушыларымен
«Ішкі тәртіп ережелері және жол жүру ережелері » тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық жұмыс аясында білім алушылармен білім беру ұйымындағы мінез-құлық ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға және тыйым салынған заттарды алып келудің алдын алуға бағытталған түсіндіру әңгімесі өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
