Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қараша
2022

Қыз қылығымен көрікті.

Тақырыбы: «Қыз қылығымен көрікті», «Между нами девочками». 

Қатысушылар: 8, 9, 10 сынып қыздары

Күні: 23.11..2022ж

№205 жалпы білім беретін мектептің 8,9,10 сынып қыздарына Мектеп психологтары Аукенова А.Е, Нияз.У.Т , ДТІЖО Жетенова Ж.Т және мектеп медбикесі Албазарова Т.Қ бірлесе  отырып «Қыз қылығымен көрікті», «Между нами девочками» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. 

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын,  сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

Бұл кездесуге «Өрлеу» жастар орталығының гинеколог маманы Мухамеджанова Г.М мен психолог маманы  Толегенова А.О келіп қыз балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде жоспар бойынша бірнеше мәселелер қарастырылды: 

                                            1.Жеке бас гигиенасы

                                             2.Дұрыс тамақтану

                                             3.Денсаулықты күту және тағы басқа да мәселелер айтылды және кері байланыс алынды. Қыздардың толғандырып жүрген сұрақтарына гинеколог маман Мухамеджанова Г.М жауап бере отырып, қойылған сұрақтарға байланысты кеңестерін айтты.