Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тұғыры биік -Тәуелсіздік» атты аудандық байқау
13
желтоқсан
2022

«Тұғыры биік -Тәуелсіздік» атты аудандық байқау



       2022 жылдың 9 желтоқсан күні  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тұғыры биік -Тәуелсіздік» атты аудандық жыр мүшәйрасы өткізілді. Байқауға 8,9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар байқауға үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Байқауда өлең оқумен ерекшеленіп,  жоғары деңгейде көріне білген №205 жалпы білім беретін мектептің 9а-сынып оқушысы Мұхаметжан Алтын III – дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі кітапхана меңгерушісі Ысқақова Жанат.
     Байқаудың мақсаты: Қазақ елінің сан ғасырлар бойғы қанымен, жанымен келген азаттық таңын алу жолындағы бабалар ерлігін дәріптеу. Ұлт тәуелсіздігінің қалай келгенін ұрпақ жадына ұялату. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай ақын жазушыларымыздың туындыларын жаттау арқылы тәуелсіздігіміздің қадірін түсіндіру. Білім алушы жас ұрпақты Отан сүйгііштікке, ұлтына еңбек етуге тәрбиелеу.