30
қараша
2022
Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов туғанына 150 жыл толуына орай кітап көрмесі
2022 жылдың 28 қараша күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов туғанына 150 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармалары оқырмандарға таныстырылды.Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы кітабы –«Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл-құрал» атты оқулығы қазіргі казақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. Ғалымның шығармашылық мұрасы 1989-2009 жылдар аралығында бірнеше дүркін қайта жарық көрді. Жалпы саны-21. 1989 жылы «Жазушы» баспасынан «А.Байтұрсынов. Шығармалары, Өлеңдер, аудаармалар, зерттеулер» 320 бет,, (Құрастырушылары: Шәріпов Ә.,, Дәуітов С), 20 000 таралыммен жинақ жарық көрді. Жинаққа «Маса», «Қырық мысал», «Әдебиет танытқыш» еңбегі топтастырылған. 1991 жылы «Жалын» баспасынан «А.Байтұрсынов. Ақжол, өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу» 464 бет, (Құрастырушысы әрі алғысөзі Р.Нұрғалиев) 20 000 таралыммен басылым көрді.