28
желтоқсан
2022
«Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекесі
Жыл сайын желтоқсан айының соңғы аптасында Қазақстанның әр өңірінде еліміздің бас шыршасы өтеді. Бүгін Алматы қаласында "ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ- ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН" атты Президент шыршасы ұйымдастырылып, өте жоғарғы деңгейде аталып өтілді. Алматыдағы "Қабылдаушылар үйінде" ұйымдастырылған Президент шыршасына қаланың әр ауданынан оқушылар жиналды, олардың киімдері бірінен бірі өткен әдемі. Бірі ханшайым болса басқасы, ханзада секілді жарқырап тұр. Жүздерінде күлкі,қуаныш. Балаларға ұнағанын олардың көздерінен көруге болады. Біздің №205 ЖББМ-нен 8 "Г" сынып оқушысы Погорская Дарья қатысты. Өзінің әсерімен бөлісіп қатты ұнағанын айтты. Және Президент шыршасында берілген сыйлығына дән риза екенін, алғысы шексіз екеннін де жеткізді.
Жаңа жыл әрбір баланың асыға күтетін ең сүйікті әрі таңғажайып мерекесі. Ал Президенттің шыршасына қатысуды қаламайтын балғын жоқ шығар. Қатысқан барлық оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Қызықты қойылымдар қойылды. Әсем әуен әуелеп, жаңа жылдық көңіл-күй айрықша сезілді мұнда.
Жаңа жылда әр адам тек жақсылық күтеді. Шырша маңына жиналған балалар мерекелік кештегі әрбір әсерлі сәтті жүрегімен сезінді. Таңғажайыпқа толы жаңа жылдық шара балалардың есінде ұзақ уақыт сақталатыны анық.