10
қаңтар
2023
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" сынып сағаты
№205 ЖББ мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тақырыпта жоспарға сай іс – шара ұйымдастырылды. 2023 жылдың 10 қаңтар күні 5- 10 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» «Жемқорлық – індет, оны жою – міндет» тақырыбында сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады; Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»-деген ұранмен деп 7-8-9 сынып оқушыларының арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып қабырға газеттері шығарылды. 10 А,Ә,Б, сыныптар «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 8-9-10 сыныптар арасында «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында мектеп оқушылары Заман дебаттық клуб жетекшілерінің ұйымдастыруымен дебаттық пікір талас өткізді. «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен, бопсалауды» болдырмаудың алдын алу» тақырыбы бойынша жаңа форматта «аналар»,«әкелер» кеңестерінің отырыстары өткізілді. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күш болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.
Дайындаған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова





