«Адам құқығының сақталуы» 5-6-7-8-9-10 сыныптар үшін сынып сағаты
Қылмыстың алдын алу күніне орай «Адам құқығының сақталуы» 5-6-7-8-9-10 сыныптар үшін сынып сағаты өтті
17.01.2023 ж. 1-10 сыныптар арасында Қылмыстың алдын алу күніне орай «Адам құқығының сақталуы» 5-6-7-8-9-10 сыныптар үшін сынп сағаты өтті.
Мақсаты: басты жалпыадамзаттық құндылық ретінде адам құқықтары туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
оқушыларға Адам құқықтары Декларациясының, Қазақстан Республикасының Конституциясының, Бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелерімен таныстыру.
адамдық қадір-қасиет сезімін дамыту;
толеранттылыққа, өзара түсіністікке және теңдікке тәрбиелеу.
"Жасөспірім жəне қылмыс" тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады , өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылыққа арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймayы. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттеріміздің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді . «Құқығыңды қорғай біл!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, LED экраннан балаларға танымдық деректі фильмдер көрсетілді. Кітапхана қорында сақталған, аталмыш тақырып аясындағы әдебиеттер, газет – журналдар, мақалалар көпшілік назарына ұсынылды.






